Медиа орталық

Ұлытау облысында негізгі капиталға инвестиция салу көлемі артып отыр

Ұлытау облысында негізгі капиталға инвестиция салу көлемі артып отыр

Ұлытау облысында негізгі капиталға инвестиция салу 1,2 есеге өсіп, шамамен 153 млрд теңгені құрады. Бұл туралы аймақ басшысының ОКҚ-да өткен брифингінде белгілі болды.

«Экономиканы әртараптандыру бағыттарының бірі - инвестициялық қызмет. Қуаттылығы жылына 20 млн дана кірпіш шығаратын кірпіш зауыты іске қосылды, бұл облыстың әкелінетін құрылыс өніміне тәуелділігін 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді»,- деді аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы.

Облыста жалпы инвестиция көлемі 10 млрд теңгеден асатын 3 нысанды іске асыру жалғасуда: тазартылмаған мыс концентраттарын гидрометаллургиялық қайта өңдеу тәжірибелік зауытының құрылысы, өнеркәсіптік реагенттер шығаратын химия зауытының құрылысы, «Жаман-Айбат» кен орны негізіндегі ЖМЗ мыс өндіру зауытын газдандыру арқылы жаңғырту.

Сонымен қатар, 2027 жылға дейін 2000 жаңа жұмыс орнын құрумен 760 млрд теңге сомасына 15 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды.

Бұл ретте, өңір жер қойнауын пайдалануға байланысты дәстүрлі қызмет түрлері бойынша ғана емес, сонымен қатар агроөнеркәсіптік қызмет саласында және басқа да бірқатар электр энергиясының жаңартылатын көздерін дамыту сияқты жаңа жобалармен тартымды болуда. Мәселен, өңір аумағында алдағы 2-3 жылда жел электр станциялары мұнараларының металл конструкцияларын шығаратын зауыт салынады. Бұл аймақты энергияның осы түрімен өзін-өзі қамтамасыз етеді.

Дереккөз: Ұлытау облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге