Автомобиль көлігі және жолдар
Ұлытау облысының автожолдарының жалпы ұзындығы 2711,7 км құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 961 км, облыстық маңызы бар жолдар – 896 км, аудандық жолдар – 310 км, елді мекен ішіндегі жолдар – 545 км.
Жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі – 91%. 2026 жылға дейін шамамен 270 км жолды жөндеу жоспарланып, жақсы жолдардың үлесі 93%-ға жеткізіледі.
«Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта құру жұмыстары басталды – 208 км (216-424 км), құны – 108,7 млрд теңге, 4 мердігер ұйым тартылды.
Сонымен қатар, «Қарағанды-Жезқазған» бағытында – 40 км (755-795 км) учаскесінде мердігерді анықтау үшін конкурс процедуралары жүргізілуде.
«Ұлытау-Арқалық» автожолының 30 км (163-193 км) учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды, құны – 2,7 млрд теңге, жұмыс 2025 жылға өтеді.
Сондай-ақ, облыстық маңызы бар «Сатпаев-Малшыбай-Жошыхан, Домбауыл мавзолейі» автожолының құрылысы жүргізілуде (19,5 км, құны – 9,6 млрд теңге).
«Қаражал-Атасу» облыстық маңызы бар автожолының қайта құрылысын (0-28 км, құны – 10,4 млрд теңге) іске асыруға 1,7 млрд теңге бөлінді (НФ – 1,6 млрд теңге, ОБ – 105 млн теңге).
Қалалық қоғамдық көлік үшін 721 млн теңгеге 18 жаңа автобус сатып алынды.
Жезқазған қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағында 1,3 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Теміржол көлігі
Облысындағы негізгі теміржол тасымалдаушы операторы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС.
Жезқазған теміржол вокзалыӘуе көлігі
Жезқазған әуежайы 1971-1973 жылдар аралығында салынды. Әуежай асфальтобетон жабыны бар ұшу-қону жолағымен жабдықталған. 1985 жылы сағатына 200 жолаушыға дейін қызмет көрсете алатын жаңа терминал салынып, іске қосылды. 2004 жылдан бастап әуежайды халықаралық стандартқа сай қайта құру жұмыстары жүргізілді. Ұшу-қону жолағы мен әуежай ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. 2008 жылы әуежайға халықаралық мәртебе берілді.
Жалпы алғанда, өңірде әуе рейстері 4 бағыт бойынша ұйымдастырылған: «Жезқазған-Астана», «Жезқазған-Алматы», «Жезқазған-Қарағанды», «Жезқазған-Шымкент».
Халықаралық әуежай «Жезқазған»Энергетикалық инфрақұрылым және жылумен жабдықтау
Облыс аумағында 1952 жылы пайдалануға енгізілген Жезқазған ТЭЦ жұмыс істейді. ТЭЦ Жезқазған қаласындағы Жезқазған тау-кен өндірісі кәсіпорындарына және ТОО «Корпорация Казахмыс»-қа электр және жылу энергиясын береді, сондай-ақ қала тұрғындарына жылу энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді. Қуаты: электрлік қуат – 252 МВт, жылу қуаты – 564 Гкал/сағ. Негізгі энергетикалық жабдықтар құрамына 8 қазандық агрегаттары, 5 жоғары қысымды турбиналар кіреді. Жезқазған ТЭЦ ТОО «Kazakhmys Energy» (Қазахмыс Энерджи) табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне жылу энергиясын өндіру қызметі бойынша енгізілген.
Газбен жабдықтау
Аймақта «Сарыарка» магистральді газ құбыры жобасы жүзеге асырылуда: газ тарату желілерін, атап айтқанда Жезқазған қаласын салу.
Жобаның жалпы құны 14,5 млрд теңге, жүзеге асыру мерзімі 2019-2025 жылдар. Жезқазған қаласын газдандыру жобасы 3 кезеңнен және 7 пускалық кешеннен тұрады. Жалпы ұзындығы шамамен 200 км.
Өнеркәсіптік-коммуналдық қызметтердің тарифтері
Қызметтердің атауы |
Бағасы |
Электр энергиясы |
Жеке тұлғалар үшін: 1 кВт/сағ үшін – 19,15 теңге Заңды тұлғалар үшін: 1 кВт/сағ үшін – 23,04 теңге |
Жылу энергиясы |
Жеке тұлғалар үшін: 1 Гкал – 2834,47 теңге Заңды тұлғалар үшін: 1 Гкал – 6058,51 теңге |
Сумен жабдықтау |
Жеке тұлғалар үшін: 1 м³ үшін – 28,64 теңге Заңды тұлғалар үшін: 1 м³ үшін – 90,83 теңге |
Су бұру |
Жеке тұлғалар үшін: 1 м³ үшін – 14,22 теңге Заңды тұлғалар үшін: 1 м³ үшін – 35,52 теңге |