Медиа орталық

Ұлытау облысында туристік инфрақұрылымды дамыту шаралары қабылдануда

Ұлытау облысында туристік инфрақұрылымды дамыту шаралары қабылдануда

Ұлытау облысына келетін туристер санының артуы байқалады. Бұл туралы облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының ОКҚ-да өткен брифингінде айтылды.

«Киелі жерлер мен әртүрлі дәуірлердегі тарихи ескерткіштердің болуы біздің туристік әлеуетімізді, әсіресе, этно және экотуризмді арттыруға мүмкіндік береді. Логистикалық проблемалардың болуына қарамастан, біз 6 айда келуші туристер санының 7%-ға өскенін байқаймыз, бұл ретте өңірге келген шетелдіктер саны 2 есеге жуық өсті. Қонақ үйлер көрсеткен қызметтер көлемі 240 млн теңгеге дейін немесе 32%-ға өсті»,- деді облыс басшысы өз баяндамасында.

Биылғы жылы облыс орталығына Алматы мен Астанадан пойыздар мен авиарейстер қозғалысының жиілігі артқан. Енді қонақтар Ұлытауға жайлы Тальго вагондарымен бара алады. Қазан айында Шымкентке әуе рейсі іске қосылды және бір айдан кейін ұшу жиілігі аптасына 2 реттен 3 есеге дейін өскен.

«Облыста туристік инфрақұрылымды дамыту үшін бірқатар шаралар атқарылуда. Өңірде қонақ үй кешендерінің тапшылығы байқалады. Біз бұл мәселені біртіндеп шешіп жатырмыз. Мәселен, Жаңаарқа ауданында екі қонақ үй кешені ашылды. 2024 жылы Жезқазған қаласында құны 1,5 млрд.теңге болатын жалпы сыйымдылығы 100 орындық 2 қонақ үйді іске қосу жоспарлануда»,- деді аймақ басшысы.

Бұл ретте бизнеске салынған инвестициялар шығындарының 10%-ын өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, облыс орталығында қонақ үй бизнесінің танымал брендтерінің франшизасын тарта отырып, жұмыс істеп тұрған «Металлург» қонақ үйін қайта құру жоспарланған.

Келер жылы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені мен Домбауыл кесенесіне дейінгі жаңа жолдың құрылысы аяқталады. «Қазақмыс» корпорациясымен жасалған меморандум аясында Ұлытау өңіріндегі Әулиетау етегінің, Күмісбұлақ және Тасбұлақ бұлақтарын абаттандыру жұмыстарының эскиздері әзірленді. Алдағы туристік маусымда облыс тұрғындары мен қонақтары атқарылып жатқан жұмыстардың куәсі бола алады.

Дереккөз: Ұлытау облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге