Нөпіров Жәнібек Мақсұтұлы
Ұлытау облысы әкімінің орынбасары
1980 жылы туған.
2001 жылы Қарағанды экономикалық университетін, 2005 жылы Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын, 2010 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 1999-2001 жылы Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының төлемдерді реттеу және бақылау бөлімінің аға қазынашысы, бас қазынашысы қызметтерінен бастаған;
2001-2006 жылдары қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің құрылымдарында бас маманнан бастап басқарма басшысына дейін әртүрлі лауазымда болды.
2006-2007 жылдары-ҚР Статистика агенттігінің Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары.
2007-2008-ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және әдіснамасы департаменті директорының орынбасары.
2008 ж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономикалық саясат және болжау департаменті директорының орынбасары.
2008-2010 ж.ж. - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Корпоративтік даму департаментінің директоры.
2010-2012 ж.ж. - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің әдіснама және талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 ж.ж. - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің меңгерушісі.
2013-2016 ж.ж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты.
2016-2017 ж.ж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.
2017-2019 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019-2022 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы.
2022-2023 ж.ж – «Қорғас» ШЫХО АҚ-да бірқатар басшылық қызметте. Жетісу облысы.
2023 ж.– «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Осы тағайындауға дейін Қаржы министрлігінде мемлекеттік органдардың бюджет департаменті директоры қызметін атқарды.