Өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасы

Өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасы

Qazaqstan Investment Corporation Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Инвестициялаудың негізгі бағыттары:

  • Инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлайтын жаңадан құрылатын кәсіпорындарға инвестициялар;
  • Қолда бар қуаттарды ұлғайтуды және/немесе жаңғыртуды талап ететін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға инвестициялар;
  • Борыштық жүктемені азайтуды және/немесе айналым капиталын ұлғайтуды талап ететін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға инвестициялар;
  • Жаңа инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында құрылымында тұрақты қаржылық көрсеткіштерімен бір немесе бірнеше жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары бар холдингтік компанияларға инвестициялар.

Қаржыландырудың негізгі шарттары:

  • Іске асыру кезеңі – 2032 жылға дейін.
  • Инвестициялық кезең – 2029 жылға дейін.
  • Инвестициялар географиясы – ҚР аумағындағы инвестициялық жобалар.
  • Инвестиция сомасы – 1-ден 5 млрд теңгеге дейін (өтімділік болған жағдайда).
  • Қаржыландыру мерзімі – 3 жылдан 10 жылға дейін.
  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8%.
  • Инвестициялау құралдары: үлестік/мезониндік қаржыландыру.
  • Қаржыландыру валютасы – теңге.

Қарсы міндеттемелер:

  • Бірыңғай Индустрияландыру картасына енгізу.
  • Жұмыс орындары және жалақы.
  • Қазақстандық қамту.

Бағдарламаның операторлары QIC - «BV Management» ЖШС және «Baiterek Venture Fund» АҚ еншілес ұйымдары болып табылады.

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласуға болады:

«BV Management» ЖШС

+7 (7172) 554-222 (ішкі 706,707,708,709)

info@bvm.kz

www.bvm.kz

«Baiterek Venture Fund» АҚ

+7 (7172) 554-222 (ішкі 602,603)

info@bvfund.kz

www.bvfund.kz

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге