Қытайлық компания Жезқазғандағы жел электр станциясының құрылысына 1 миллиард доллар инвестициялауды қарастырып жатыр

Қытайлық компания Жезқазғандағы жел электр станциясының құрылысына 1 миллиард доллар инвестициялауды қарастырып жатыр

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қытайлық «SINOHYDRO Engineering Bureau 4 (Lanzhou) Machinery and Equipment Co., Ltd.» компаниясы мен қазақстандық «ТехноГруппСервис» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу Жезқазғанда «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Ұлытау аймағы бойынша аймақтық директоры Диас Әбілғазиннің қатысуымен өтті.

Келіссөздер барысында тараптар «SINOHYDRO Engineering Bureau 4 (Lanzhou) Machinery and Equipment Co.» компаниясының өкілдерімен ұзақ мерзімді серіктестік орнату мүмкіндіктерін, инвестициялық мүмкіндіктерді, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.

Кездесуде Жезқазған қаласының индустриялық аймағында жел электр мұнараларының металл конструкцияларын шығаратын зауыт құрылысы және Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында қуаттылығы 1 ГВт жел электр стансасының құрылысы жобаларын жүзеге асыру мәселелері қозғалды. Тартылған инвестицияның жалпы көлемі 1 миллиард доллардан асады.

photo1693893159 (1).jpeg

Сонымен қатар, тараптар жаңартылатын энергия саласында отандық өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға қажетті бірқатар шараларды талқылады.

Айта кету керек, Қазақстанда жалпы қуаты шамамен 2,5 ГВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 142 нысаны орнатылған. 2017 жылдан бастап KAZAKH INVEST қолдауымен құны 2 миллиард доллардан асатын қуаттылығы 1,4 ГВт-тан асатын 39 жоба іске қосылды.

Қытайлық компанияның жобаларын жүзеге асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасында бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, қосымша инвестиция тартуға, «жасыл» электр энергиясын өндіруді арттыруға мүмкіндік береді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге