Moody's дербес несиелік рейтингін растай отырып, Қазақстан болжамын «тұрақты» деңгейден «позитивтіге» дейін жақсартты
Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның дербес несиелік рейтингін «Baa2» деңгейінде растай отырып, рейтинг болжамын «тұрақты» деңгейден «позитивтіге» дейін жақсартты.
Агенттіктің болжамды жақсартуы ел экономикасын әртараптандыру, инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталып жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалағанын білдіреді.
Сарапшылардың пікірінше, экономикалық күйзелістерге төзімділіктің артуы Қазақстанның экономикалық дамуының тұрақтанғанын және перспективаларының жақсарғанын көрсетеді.
Рейтингті растау орнықты мемлекеттік баланспен, төмен борыштық жүктемеге және шетел валютасындағы елеулі резервтерге негізделген.
Агенттіктің мәліметінше, шикізаттық емес секторларға инвестицияның айтарлықтай артуы қазіргі сыртқы ортада экономиканы әртараптандыруға серпіннің артып келе жатқанын көрсетеді.
Сонымен қатар Moody's Қытай мен ЕО арасындағы баламалы сауда жолы ретінде маңыздылығы артып келе жатқан Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында Қазақстан үшін көлік-логистикалық хаб ретінде жаңа мүмкіндіктер туындап отырғанын атап көрсеткен.
Жалпы, Moody's сарапшылары Қазақстан үшін қолайлы экономикалық перспективаларды болжап отыр.
Болжамды «Позитивтіге» өзгерту – алдағы уақытта ағымдағы динамиканы сақтай отырып, ҚР-ның дербес несиелік рейтингін көтеру ықтималдығының белгісі.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы