Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамыту аясында іске қосылған жобалардың бірі «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі болып табылады.
www.elicense.kz порталы арқылы өнеркәсіп, сәулет және құрылыс, экспорт-импорт және т.б. саласындағы кәсіпкерлік қызметтің шамамен 500 түріне өтініш беруге болады Өтінішті тиісті органдар қабылдайды және өңдейді.
Лицензиялау өзіне өзі жеткілікті күрделі рәсімдер болып табылады:
«Е-лицензиялау» басқада «е-үкіметтің» құрауыштарымен бірлесіп ендігі бүгінгі күні осы проблемалардың үлкен бөлігін шешуге мүмкіндік береді.
Пайдаланушылар үшін кірудің бірыңғай нүктесі - портал «е-лицензирование» (бұл ретте өтініш беруші бұрынғыша тікелей МО немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүгінуіне болады).
Сондай-ақ, лицензиялау үдерісін оңтайландыруды ескере отырып, барлық лицензиялау түрлеріне өтініштерді декларативтік - «мәліметтер нысаны» беру іске қосылды. Яғни, бұл нысан өтініш берушілерге мәліметтерді қолмен толтыруға мүмкіндік береді және қоса тіркелетін көптеген талап етілетін құжаттар саны қысақртылады.