活动日历

Қазақстан-Нидерланды Бизнес-Форумы

Қазақстан-Нидерланды Бизнес-Форумы

Астана қ., Халықаралық қаржы орталығы, блок С3.2, «Лондон» залы

2022 жылдың 11 қазанында Астана қаласында Қазақстан-Нидерланды бизнес-форумы өтеді.

Форум аясында инвестициялық мүмкіндіктердің тұсаукесерлері, агроөнеркәсіптік кешендегі, жылыжай секторындағы өзекті мәселелерді, суды тазарту және осы салалардағы әлеуетті бірлескен жобаларды талқылау жоспарлануда. Іс-шараның негізгі тақырыптарының бірі Қазақстанның Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа (UPOV) кіру шарттарын талқылау болады. Бұдан басқа, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Қатысуға Нидерланды серіктестерімен ынтымақтастыққа мүдделі қазақстандық компаниялар шақырылады.

Іс - шараға қатысу үшін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жауапты қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

Арман Жанат, a.zhanat@invest.gov.kz

Сарыбаева Ұлбосын, +77057166060 (WhatsApp), u.sarybayeva@invest.gov.kz

返回/返回
安装应用程序:
1)在Safari中打开网站
2)点击保存
3)添加到主屏幕