Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Канада арасындағы тауар айналымы 700 млн доллардан асты

Қазақстан мен Канада арасындағы тауар айналымы 700 млн доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылдың қорытындысында Канада мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға жетуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауар айналымы айтарлықтай табысты әрі серпінді дамып келеді. Өкінішке қарай, 2020 жылы құлдырау болды. Пандемия тауар айналымына айтарлықтай өзгертулер енгізді. 2019 жыл жақсы динамика көрсетсе, ал 2021 жыл барлық үміттімізді желге ұшырды. 2021 жылы 380 млн доллар тікелей инвестиция тартып, тауар айналымын 700 млн долларға жеткіздік. Биылғы қаңтар-тамыз айларында тауар айналымы 700 млн доллардан асты және осы жылдың қорытындысында 1 млрд долларға жеткіземіз деген үмітіміз бар», - деді Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің V мерейтойлық отырысында.

Кездесуді ұйымдастырушылардың дерегінше, Қазақстаннан Канадаға экспорт аталған кезеңде 3,6 есеге өсіп, 609,2 млн АҚШ долларын құрады.

Ақылбек Камалдиновтың айтуынша, Қазақстан одан әрі өңдеу үшін Канада нарығына уран жеткізуде бірінші орында тұр. Жалпы, канадалық бизнес-қоғамдастықтың Қазақстан экономикасының түрлі салаларына үлкен қызығушылығы бар.

Дереккөз: inform.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге